Әдетте біз көзіміз заттарды бұлдыратып көре бастағанда ғана дәрігерге қараламыз. Алайда көз көруінің нашарлап бастағанын оған дейін қалай білуге болады? Офтальмолог Анастасия Васильева "Doctorpiter"-ге оның айқын емес белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әдетте адам көзінің көруі нашарлағанда заттарды алыстан дұрыс көрмейді немесе жақындағы нәрсені бұлдыратып көреді. Бұл көз көруінің нашарлауының кең тараған белгілері. Алайда көз проблемасын басқа да айқын емес белгілер көрсете алады.
Көз көруінің нашарлағанын көрсететін айқын емес белгілердің бірі – бастың жиі ауыруы. Ол әсіресе көзге ұзақ күш түскенде пайда болады. Офтальмологиялық проблемалар кезінде бас солқылдап ауырады. Сондай-ақ көзіңіздің іші ауыруы мүмкін.
Дәрігерлер көздің нашарлағанының айқын емес белгілеріне уақытша құбылыстарды да жатқызуға болатынын айтады. Олар тәуліктің нақты уақытында немесе күні бойы әлсін-әлсін пайда болуы мүмкін. Мысалы, аз уақытқа көзіңіз бұлдырайды, уақытша суреттің контрастылығы жоғалады немесе басқа объектілер (ұшқын) пайда болады.
Тағы бір проблема – құрғақ көз синдромы. Бұл кезде адам көздің қызаруына, күйдіріп ауыруына, көзде құм бар секілді немесе жұмыс жасаған көзде қандай да бір жағымсыздық сезілетініне шағымданады. Осы кезде ол көзін уқалай бергісі келеді.
Кейде көз көруінің нашарлауы еш белгісіз дамиды немесе ол арасында ғана белгі беруі мүмкін. Бұл өзгерістерді адам өздігінен бағалай алмауы мүмкін. Сондықтан көз нашарлауының алдын алу үшін жүйелі түрде көз дәрігеріне көрініп тұрған дұрыс. Дәрігер қазіргі және бұрынғы тексеріс нәтижелерін салыстыра отырып, көз көруінің нашарлауын анықтай алады.
Оқи отырыңыз: Көздің көруін нашарлататын сіз ойламаған 6 әдет