Танымал фотограф Асқар Бумага өзінің оқырмандарын кезекті суреттер сериясымен қуантты. Бұл жолы оның камерасына автобус жүргізушісі ілікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Едіге автобус жүргізушісі болып 46 жыл жұмыс істеп келеді. Бір айдан кейін зейнетке шығады. Өте мейірімді аға", - деп жазды фотограф.
Бұл суреттер Желі қолданушыларын тәнті етті. Олар "көзі қандай мейірімді", "бұл адамның мейірімді екені көрініп-ақ тұр", "қарапайым адамдардың еңбегін халыққа осылай көрсеткен дұрыс", "қандай керемет" деп жағымды пікірлер қалдырған.