"Көз жасың көмектеспейді". Қайрат Нұртастың анасы архивтегі видеосын жариялады

"Көз жасың көмектеспейді". Қайрат Нұртастың анасы архивтегі видеосын жариялады
Фото: видеодан кадр

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының күніне 3-5 концерттен берген кезін еске алып, ескі видеоларын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күніне 3 концерттен 5 концертке дейін қойып жүрген кездер-ай. 3 концерт беріп қара тер болмасын деп, алғаш болып Аренаны жеке концертімен Алматыда 12 мың, Астанада 32 мың адам лық толы концертін өткізген KN болды. Бұл деген халықтың үлкен махаббаты. Аллаға сансыз шүкірлер!", - деп Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың "Көз жасың көмектеспейді" әнін орындаған архивтегі видеосын жариялады. 

 

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева