- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көз жасымызды жасыра...
"Көз жасымызды жасыра алмай, құшақтастық". Министр Бағдат Мусин жантебірентер жазба жариялады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram-парақшасында әсерлі жазба бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жазбасында отбасылық суретін көрсетті.
"Жақында кіші ұлдардың бірінен "өмірде не нәрсеге қатты қуанасың?" деп сұрағанымызда, ол қобалжып "менің осындай отбасым болғаны үшін қатты қуанамын" деп жауап берді. Бұл сөздерді естіген бәріміз қуанып, көз жасымызды жасыра алмай, құшақтастық. Ойлап қарасаңыз, өмірдегі ең қымбат нәрсе – отбасы. Ал қазақта отбасы сөзі екі мағынамен сипатталады - жанұя және отбасы. Бұл сөздер өздері-ақ сөйлеп тұрғандай, мысалы, "жанның ұясы", яғни үйде ғана, жақындарыңның ортасында ғана адам жан тыныштығын таба алады.
Ал "отбасы" ше? Отауыңның бастауы, түп-тамырың деген сөз. Қазақтың әрбір сөзі мағыналы, терең философияға толы ғой ойлап қарасаң. Әрбіріміздің отбасымыз - ол біздің жеке шекарамыз, өзгеше вайб және атмосфера сыйлайтын ерекше мекен. Отбасында бізді әрбір артықшылығымызбен, кемшілігімізбен қабылдайтын адамдар бар, жан дүниемізді бүкпесіз ұғатын жақындарымыз бар. Отбасында жақсы атмосфера болса, онда адам да жарқырап, қуанып жүреді. Ал отбасынан мықты көңіл-күймен шыққан адам айналасындағыларға да жылулық шуағын бере алады."Жанымыздың ұясы" тыныш, "отауымыздың бастауы" берекелі болсын. Жанұямыз аман, отбасымыз үнемі қуанта берсін. Жаңа жылда әркім өз отбасына көбірек уақыт бөліп, жанұяға қамқорлық көрсетіп, отбасындағы әрбір жанның тыныштығын сезінуін тілеймін. Кіші ұлым айтқандай, мені де бұл өмірде қуантатын ең маңызды нәрсе - отбасымның жанымда және аман-есен болуы!", - дейді министр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина