- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көз жасым көл...
"Көз жасым көл көсір болды". Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуі туралы айтты
Мөлдір Әуелбекова бірінші баласының әкесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мөлдір Әуелбекованың тұңғышы биыл мектеп табалдырығын аттады. Әнші баласының әкесі ақшалай көмек көрсеткенін айтты, бірақ қарым-қатынасы түзеле қоймаған сияқты. Бұл туралы әнші Instagram-жазбасында жариялады.
"Мектеп табалдырығын аттаған қадамың құтты болсын, балам! Айта кетейін, баламды салған сайын әкесін сөгіп жататындар аз емес. Иә, ол бізден бас тартты. 5 айлық баламен біраз қиындық көріп, көз жасым көл көсір болғаны рас. Уақыт емші демекші, қазір бәрі Алланың қалауымен орнығып, ол сынақтан сынбай өткеніме сіздер куәсіз. Бәрін бір Аллаға тапсырдым.
Енді баламның әкесі араға 5 жыл салып, өмірімізде пайда болды. Көрісіп, араласып жатыр деп айта алмаймын, десе де ақшалай баламның бүкіл шығынын мойнына алып жатыр. Осыған да шүкір дейміз. Әжептәуір білінеді екен қалтаға. Алла қаласа, уақыт тауып жиі көрісуге де белін буар. Жаңалығымыз - осы", - делінген жазбасында.
Желі қолданушылары әншінің ұлы Салтайды жаңа қадамымен құттықтап, әкесіне қатысты да пікір қалдырған.
"Талабың таудай болсын, балапан", "О дүниеге барғанда ұлы үшін сұралатынын түсінген шығар! Аллаға шүкір әйтеуір баласына қарайласып жатыр", "Дұрыс, ең болмағанда, баланы қамтамасыз етсін", "Жақсы болған екен. Әр бала бақытты болуға лайық", "Адасқанның айыбы жоқ, түсініп өз қателігін, ұлымен қауышып көмегін беріп отырса ол азамат екен, мүмкін жарасып кетерсіздер, тілекшіміз", - деп жазған желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек