Көз дәрігері Абасов Магамед Айдинович қозғалыс кезінде смартфон экранына қарау көру қабілетіне қалай әсер ететінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Көз рефракциясы дегеніміз көздің оптикалық жүйесіндегі жарықтың сынуы, яғни жарық сәулесі линза, қасаң қабық, шыны тәрізді дене, камера ылғалынан өтіп, торлы қабыққа түседі. Ал клиникалық рефракция - көздің артқы фокустық нүктесінің торлы қабыққа қатысты орналасуы.
Қалыпты рефракция немесе эмметропия - жарық сәулелері дәл торлы қабыққа жиналуы. Бұл жағдайда адам барлық қашықта бірдей жақсы көреді.
Егер артқы фокус позициясын өзгертсе, рефракция миопиялық немесе гиперметропиялыққа қарай өзгереді, бұл позиция аметропия деп аталады.
Көз дәрігерінің айтуынша, адам жүріп келе жатқан көлікте отырған кезде смартфон экранына қараса, рефракция белгілі бір мәтінге қарау үшін үнемі өзгеріп отырады. Мұның бәрі ыңғайсыздық, шаршау, көздің ауыруы секілді астенопиялық салдарға әкеп соқтырады.
Егер көлікте отырғанда жүйелі түрде смартфонға телміріп отыратын болсаңыз, уақыт өте көру қабілеті сау адамның жағдайы нашарлайды.
Айта кетейік, бұған дейін көздің көру қабілетін қалай жақсартуға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әріптеске «Құпия Санта» ойынына қандай сыйлық алуға болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз