- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Көз алдымызда такси...
"Көз алдымызда такси жүргізушісін бауыздап тастады": БҚО полициясы пікір білдірді
Орал тұрғындары арасында такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ер адамды белгісіз біреу бауыздап тастағаны айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
"Ремзавод - ғажайып мекен. Біздің көз алдымызда такси жүргізушісін бауыздап тастады. Полиция келді. Жедел жәрдеммен алып кетті, аман қала ма, жоқ па, білмеймін. Міне, осындай жағдай. "Ремзавод" аялдамасы маңында. Алды да тамағын орып жіберді, болды. Олардың нені бөліспегені түсініксіз", - делінген ақпаратта.
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қорқынышты хабарға қатысты пікір білдірді. Ведомство такси жүргізушісіне шабуыл жасалмағанын айтты.
"Полицейлер оқиғаға қатысушыларды анықтады. 10 ақпанда көлікте бірге ішімдік ішіп отырған кезде екі туыс арасында жанжал туындап, біреуі екіншісіне дене жарақатын салып, соның салдарынан денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан