Президент жуырда Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Footlab футбол орталығына барған еді. Ал Тоқаевты көрген балақайлардың бірі эмоциясын жасыра алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны журналист Әділ Балтабаев жариялады.
Кадрларда Ерсұлтан есімді балақай Мемлекет басшысын көргенде қатты таңғалғаны көрінеді.
"Мұндай мүмкіндік өмірімде бірінші рет. Көз алдымда Қасым-Жомарт Тоқаев. Сабыр, сабыр", - дейді видеода.
Еске салайық, бұған дейін де Президенттің Алматыға сапарында осыған ұқсас қызық жайт болды. Ол кезде 3-сынып оқушысы Сәлім Көпеев кешігіп қалғанын айтып, өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйлаған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!