Әнші Роза Әлқожа Қарағандыда оқыс оқиғаға тап болған. Өнер иесі басынан өткен оқиғасын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, барған қонақүйінен өрт шыққан.
"Таңғы бесте Қарағандыға жетіп, ылғи түсетін қонақүйге келсек, түтіндеп жатыр екен. "Қыздар" деп айқайлап ем, қыздар дереу шықты. Содан өрт сөндірушілерді шақырып, адамдарды оятып әбігер басталып кетті. Көмекшім иіс шығып жатқан 5-бөлменің барып есігін ашып көрейін деп қояды. "Жоқ, мына иіс оңай емес, демек от кәдімгідей күш алып тұр. Сен ашсаң атылуы мүмкін" дедім. Өрт сөндірушілер де көп ұзамай жетті. Көліктерді алғызып, күзетші құсап алаңдап жүрміз. Дәл сол өртенген қабаттың үстінде бүгін тойы болатын екі жас бар екен. Фотосессия жасауға келген. Таңғалып оянып, тәубесін айтып жатыр. Найзағай ойнап, жаңбыр жауғанда 5-бөлмеге де әсері тиген екен. Ал мен соның жанынан бөлме алған ем. Көз алдымызда өрт те, оның иісі де күшейіп жатты. Дәл осы уақытта Қарағандыға жеткізіп, сәл кешіктірмей қонақүйге кіргізіп тұрған құдай қандай шебер?! Бізді де бір бәледен сақтап тұр ғой сонда?! Жол жүріп кеше де, бүгін де ұйықтамадым. Жүрек тарсылдап, біраз уақытқа дейін басыла алмадық. Көрер қызық көп болсыншы! Жұмадағы тілектеріңіз қабыл болсын! Басымыз аман, тірлігіміз берекелі болсын", - деп жазды ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!