Қарағандыда Сәтбаев көшесінде орналасқан "Қарағанды жарық" трансформаторлық қосалқы стансасынан шыққан өрт пен қою қара түтін бағанасы жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Оқиға жексенбі, 23 шілде күні түстен кейін болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы хабарлама сағат 13:15-те түскенін хабарлады. "Қарағанды жарық" ЖШС аумағында 15 шаршы метр аумақта трансформатордың майы жанып кеткен.
"Өрт 14:24-те сөндірілді. Су төгу жұмыстары аяқталғаннан кейін "Қарағанды жарық" ЖШС күштері №4 трансформатордан қуат алатын абоненттерді көршілес трансформаторға қосады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Вечерняя Караганда" басылымының хабарлауынша, қаланың орталық бөлігіндегі қосалқы стансадағы өрт салдарынан электр жарығы өшіп қалған. Жарық екі сағат ішінде қосылатынын айтылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес