Елордалық өртсөндірушілер Байқоңыр ауданындағы бөлек тұрған қоймадан шыққан өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге қатты жел кедергі келтіріп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік жұмыс барысынан суреттер жариялады. Кадрлардан қою қара түтін көрінеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!