- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қойларыма концерт беретін...
"Қойларыма концерт беретін едім". Танымал әнші балалық шағын еске алды
Танымал әнші Ернар Айдар Желідегі парақшасында балалық шағын еске алып, видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, өзі де бала кезінде баққан қойлары мен сиырларына концерт қойған.
"Анам мен Әкем деген жүрегіңнен айналдым.
Ешкім аспаннан салбырап түскен жоқ.
Осы видеоны қайта-қайта көріп отырып, өзімнің балалық шағым есіме түсіп кетті.
Мен де мал жайғап жүріп сиырларыма, қойларыма ән айтып кәнцерт қойып беретін едім) шіркін балалық шағым ай.
Сол себепті болар бұл батыр балақайдың әнді қалай айтып тұрғанын бүкіл жан-тәніммен сезіп тұрғаным.
Қиялындағы сахна, қиялындағы микрофон, қиялындағы алдында отырған халық, бәрі-бәрі батыр балақайдың шын өмірінде орындалса екен деп тіледім.
Қазағымның мақтанышына айналуыңа тілекшімін, тек алға батыр балақай.
Алла жар болсын.
Бұл талантты бала жайлы менде мәлімет болмағандықтан, өзімше "Батыр балақай" деп ат қойып қойдым).
Кто ты войн?" - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін әнші Ернар Айдар анасының 60 жас мерейтойын ерекше сый жасағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Таңертең неге жүрек айниды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә