Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында иммунитетті көтеретін тағамдарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, иммунитет мына жағдайларда әлсірейді:⠀
- Суды аз ішсе;
- Фастфуд пен тәтті суларды көп ішсе;
- Күйзелісте жүрсе;
- Ұйқы бұзылса;
- Жаман әдеттерге бейім болса (алкоголь, темекі, кальян және т.б);
- Аз қозғалыс;
- Ағзада зат алмасудың бұзылуы және т.б.
Ұлжалғас Сманова иммунитетіңіз салқынды да, инфекцияны да көтере алмай, жиі сырқаттанып қала беретін болсаңыз, мына әдістерді қолдануға шақырды:
- Лимонды күн сайын қолдануға тырысыңыз. Себебі құрамындағы С дәрумені суықты алып, бос радикалдарды өлтіреді;
- Сарымсақтың иісінен қанша қашсаңыз да, ол тамақтың дәмін келтіреді. Құрамындағы аллицин ағзаны залалсыздандырып, микробтарды жояды;
- Зімбір қанайналымды және зат алмасуды жақсартады. Оны шайға қосып ішсеңіз, артық салмақтан арылтады және жүрек ауруларының алдын алады. Зімбірді күнделікті жеген адамның ағзасында бактерия азайып, иммунитеті күшейеді;
- Иммунитетті күшейтетін дәрумендердің бірі - В6 және С дәрумендері. Мысалы, алмадағы дәрумен талшықтары дененің қабынуын басады, вирус, паразит, суық тиюге қарсы иммунитетті күшейтеді;
- Сахароза қоректік заты мен С, В дәрумендері және р-каротин денсаулыққа өте пайдалы. Жиі ауыра бастасаңыз, С дәрумені, магний, басқа да микроэлементтері көп тағамдар жеңіз. Мысалы: киви, апельсин. Балаларға аз-аздан беріп көріңіз, себебі олар аллергия беруі мүмкін;
- Бананның құрамындағы минералдар мен дәрумендер асқазан-ішек жолдарына пайдалы. Тек қатты жөтеліп жүрсеңіз немесе қақырық болса, оны аз жеңіз;
- Жүзімнің құрамында кальций, калий, фосфор, темір және В1, В2, В6, С, Р дәрумендері бар. Пайдалы аминқышқылдар асты қорытып, көкбауыр мен асқазан қызметін нығайтып, жүйкеңізді жақсартып, шаршағанды басып, миды тыныштандырады.
- Түймедақ шайын ішсеңіз, ауырсынуды азайтып, қабынуды кетіреді.
- Ал суық тию кезінде ең жақсы көмектесетін тағам - сөзсіз, қой сорпасы. Мыңнан бір ем деп осыны айтады.
Бұл тағамдар рационыңызда болса, аурудан аман шығып, оны жеңіл өткересіз.
Еске салайық, бұған дейін денсаулыққа пайдалы сүйек сорпасын қалай дайындау керегін жазған болатынбыз.