"Коучтарды тыңдап құтырмайық". Актриса Дариға Бадықова оқырмандарына ақыл айтты

Танымал актриса, әнші, продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде ауырып қалғанын айтып жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Букет диагноз болса да, "қойшы, мен осылай ауырамын ба?" дедім. Айтайын дегенім: кейінгі кезде ел аман, жұрт тыныш болса да қиын емес дүниелерді қиындатып жібердік. Кей адамдарға жерді басып жүру де міндет болды. Тым көкіп кесірленбейік! Әр түрлі коучтарды тыңдап құтырмайық!" - деп жазды Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Қазіргі қоғамдағы адамдардың жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы актрисаның әбден ашуына тиген болса керек, ауырып жатқан Дариға Бадықова ақтарылып ішіндегі ойының бәрін жазып тастапты. 

"Одан кейін түсінгенім өзің қара күштің адамысың. Қасыңда мықты көмекшілер болу керек! Күштің адамы күшсіз адамға талап қойғанда ана адам есінен танады. Күшсіз адамның айтар сылтауы көп болады. Ісі ұзақ бітеді. Шайнап жүретіндер де жүйкеңді алады екен", - деп жазды ол желіде. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!