Алматылық Талғат Сембай әлеуметтік желіде қаладағы жөнделмеген жолдармен жүрген видеосын жариялады. Қала тұрғыны осы арқылы әкімдік назарын жол мәселесіне аударғысы келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейнежазбада Талғат Сембай асфалттың қалай ауыстырылатынын көрсетіп, әр түрлі жолдардан өткен.
Видеоға 4000-ға жуық ұнату белгісі басылып, 400-ден астам пікір жазылған. Желі қолданушылары авторды қолдап, пікір жазған. "Барлық Қазақстанды белгілеу керек", "керемет челлендж", "әкімдік көріп, тротуарда тұрған автокөлікке айыппұл жазбасын", "әкімдік ақша қанаудан басқа не біледі, қотыр жолды жөндесеңіздерші", "біздің жолды көрсеңіз ғой", "әр адам өз қаласында түсірсе, керемет болар еді" деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!