“Коттедждерді жалға алу, ішімдік ішу“: полиция соңғы қоңырау қарсаңында қатаң ескерту жасады

“Коттедждерді жалға алу, ішімдік ішу“: полиция соңғы қоңырау қарсаңында қатаң ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Алматы полициясы мектеп түлектерін қауіпті кортежден бас тартуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соңғы қоңырау қарсаңында полиция мектеп түлектерінің ата-аналары мен ұстаздарына үндеу жасады.

Алматы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев бұл күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылатынын мәлімдеді.

"Жыл сайын мерекелік іс-шаралар бақылаудан шығып кететін жағдайлармен бетпе-бет келеміз. Әсіресе, коттедждерді жалға алу, ішімдік тұтыну, сондай-ақ, көлікпен қауіпті серуендер ұйымдастыру және кортеждер үлкен алаңдаушылық туғызады. Жасөспірімдер әсерлі видео түсіреміз деп жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жағдайда соңы қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дегенмен ата-аналар мен педагогтердің қолдауынсыз балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыған байланысты ата-аналардан балаларды бақылаусыз қалдырмауды, олар көлікпен жүруіне жол бермеуді және үнемі байланыста болуды сұраймыз", – деді Тимур Ноғайбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget