Көтеуге шалдығу қаупін азайту үшін отырықшы өмір салтын өзгертіп, дұрыс тамақтануды бастау қажет. Хирург Сергей Берегов аурудан сақтану үшін қалай тамақтанып, неден бас тарту керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Почему болитке" сілтеме жасап.
"Көтеу (геморрой) - ересектер арасында жиі кездесетін патологияның бірі. Ауру генетикалық бейімділік, сондай-ақ отырықшы жұмыс, жүктілік, салмақ көтеруден және іш қатуға бейімділіктен туындауы мүмкін", - деді хирург Сергей Берегов.
Аурудан сақтану үшін қалай тамақтану қажет?
Мұндай тамақтану түрінің соңғы нәтижесі - нәжісті жұмсартып, ішекті күшсіз босату.
Көтеуге шалдығудың алдын-алудағы маңызды сәт, ол - жеткілікті қозғалыс белсенділігі. Қозғалыс жамбастағы қанның тоқырауын азайтуға көмектеседі, ал бұл ректальды варикозды тамырлардың пайда болу мүмкіндігін азайтады. Сонымен қатар, егер күні бойы кеңседе, бір орында отырып жұмыс істейтін болсаңыз, сағат сайын 5-10 минут жаттығу жасап тұру өте маңызды.
Айта кетейік, бұған дейін тік ішекті қалай тазалауға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Векторлық графика қандай объектілерден құралады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!