Таразда жасөспірім балаға тиіскені көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрда жасөспірім баланың артынан қуып бара жатқаны, кейін көтеріп алып жерге лақтырғаны, содан соң қашып кеткені көрінеді.
Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша тексеріс жүргізілген.
"Тексеріс барысында оқиғаға қатысушылар кім екені анықталды. Жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Медицина қызметкерлері жәбірленушіні тексерді, оған медициналық көмек көрсетіледі. Осыдан кейін ол үйіне жіберілді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Сонымен қатар, заңсыз әрекеттер жасаған жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!