- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қосылып бірге жыладым"....
"Қосылып бірге жыладым". Танымал блогер әкесіне су жаңа көлік сыйлады
Танымал блогер Ербол Хамза әкесіне су жаңа темір тұлпар сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер 25 жасында әкесіне осындай үлкен сый жасау арманы болғанын айтады.
"Аллаға сансыз шүкір.
25 жасымда әкеме осындай сыйлық беру бұйырыпты.
Барлықтарыңызға жұғысты болсын.
Ата-аналарымызды әрдайым қуантып жүрейік", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Сонымен қатар, блогердің досы Жансерік Қадырбаев та қуанышты сәттің кадрларын бөлісті.
@qadyrbayev Армандарыңнан ешқашан бас тартпаңдар!❤️🫂
♬ оригинальный звук - Qadyrbayev
Желі қолданушылары блогерге тәнті болып, ақ ниетті тілектерін жаудырған.
"Ерболтай, қосылып бірге жыладым, алтын баласың ғой..мақтанамыз", "Ай, жолбарыс өзі. Жарайсың. Осылай үйдегілерді қуантып жүре бер. Бұйыртса, енді той болсын. Тоқтама", "Соңында сендермен бірге жылаған қалай кетті жалпы", Жарайсың Ери! Нағыз ер", "Жылап жібердім ғой. Алла әрдайым жолыңызды ашық қылсын", "Осы жігіт жарайды, бірін үнсіз істейді", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Баланы мектепке қай жаста берген дұрыс?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә