- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қосылған құн салығының...
Қосылған құн салығының өсуі кәсіпкерлерге "ауыр тимеуі" керек - сенатор
Сенат депутаты Ләззат Рыспекова қосылған құн салығының көтерілуі кәсіпкерлерді алаңдатып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, шағын және орта бизнесте салық саясатының жетілмеуімен байланысты жүйелі мәселе бар.
"Қазір бұл мәселеге қатысты бизнес-қоғамдастықтың көптеген шағым түсіп жатыр. Біріншіден, бұл - қосылған құн салығына қатысты. Оның мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға көтеру ұсынылып отыр.
ҚҚС мөлшерлемесін көтеру мәселесі отандық кәсіпкерлермен егжей-тегжейлі пысықтауды және талқылауды талап етеді деп санаймыз. Сондай-ақ, Үкімет бизнеске салық жүктемесінің өсуіне әкелмейтін балама "ауыр тимейтін" нұсқаларды қарауы керек, - деді сенатор.
Ләззат Рыспекова бизнес пен мемлекет ақылдасып, бір шешімге келу керек деген ұстанымда.
"ҚҚС-ты қайтару, сондай-ақ, салықтар бойынша жоғары жүктемені сақтау және жұмыс берушілерге төленетін әлеуметтік төлемдер (39 пайыз) мәселелері де шешім қабылдауды талап етеді. Салық саясатында бизнес пен мемлекет мүддесінің тепе-теңдігі керек.
Өкінішке қарай, қазір көңіл көншітпейтін жағдайды байқап тұрмыз. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілерінің ұсақталып жатқанын көріп жатырмыз. Осыдан шағын кәсіпорындар саны айтарлықтай өсіп келеді. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл процеске әсер ететін себептердің 80 пайызы қазіргі салық жүйесіне байланысты. Ал 20 пайызы шағын кәсіпкерлікке көбірек бағытталған мемлекеттік қолдау қадамдарына қатысты", - деді депутат.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз