Костенко шахтасындағы апат: министр кінәлі болуы мүмкін басшылардың атын атады

Костенко шахтасындағы апат: министр кінәлі болуы мүмкін басшылардың атын атады
Фото: ©️ Tengrinews.kz

Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы апатқа кінәлі болуы мүмкін басшылардың аттарын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан соң министрге 1(Костенко шахтасындағы апатқа байланысты - еск.) қорытындыда жұмыс берушілердің 100 пайыз кінәсі болғаны жазылған. Заң бұзған 28 адам анықталды. Олар кімдер? Бұл тағы қарапайым жұмысшылар ма?" деген сұрақ қойылды.

Сырым Шәріпханов апатқа қарапайым кеншілердің кінәсі болмағанын жеткізді.

"Сұрағыңызды түсіндім. Бұл қарапайым қызметкерлер емес. Бұл - инженерлік-техникалық ұжым. Олар осы жұмысқа жауапты. Бұл - жауапты басшылар. Материалдар тергеу органдарына тапсырылды. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізеді және сот олардың кінәсін анықтайды. Мен 28 адамның айта алмаймын. Жазбаша жазып берейік. Бірақ АМТ бас директор Яблонский, ұжым жөніндегі директор Винокурова, АМТ Көмір департаментінің атқарушы директоры Белый мырза, оның орынбасары Огай және тағы басқа басшылар бар", - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, алғашында Костенко шахтасында 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Артынша қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz