- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Костенко шахтасындағы апат:...
Костенко шахтасындағы апат: 7 адам ұсталды
Бас прокуратура Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған жарылыс ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары ІІМ, ҚМА, ТЖМ және Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің қатысуымен жүргізуде. Жарылыс бастапқыда №48К3-батыс лава көмір өндіру учаскесінде К2 астындағы көмір қабатынан шығатын метан-ауа қоспасының орналасуынан болғаны анықталды, оның көзі шахта кенжары конвейерінің жұмысында механикалық ұшқыннан болған.
Бұл жарылыс шахта өндірісіндегі көмір шаңының кезең-кезеңмен жарылыстарына әкелген, себебі оның концентрациясы рұқсат етілген нормалардан айтарлықтай жоғары болған.
Тергеу барысында қайғылы оқиғаға шахтаны пайдалану кезінде өндірістік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ еңбекті қорғау ережелерін көптеген бұзушылықтарға жол берілуі тікелей байланысты екені анықталды.
"Қазіргі уақытта көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпеді деген күдікпен Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша 7 адамнан тұратын шахтаның басшылығы мен инженерлік-техникалық құрамы қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.
Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабына сәйкес күдіктілер Қарағанды облысындағы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы