Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында Костенко шахтасындағы 46 шахтердің өліміне қатысты тергеу амалдарының қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұл біз үшін үлкен трагедия болды, 46 шахтер қаза тапты. Қателеспесем, қазір 10 адам тергеуде", - деп мәлімдеді Қойгелдиев.
Шахтадағы қайғылы оқиға 2023 жылғы 28 қазанда Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алды. Апат салдарынан 46 кенші қаза тапты. Болжам бойынша, жарылысқа өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған. Құтқарушылар соңғы кеншінің денесін 31 қазанда тапты. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегіне сәйкес, апат кезінде 252 кенші шахтада жұмыс істеп жүрген, оның ішінде 201 кенші дер кезінде жер бетіне шықса, бес адам құтқарылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз