- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Костенко шахтасында тағы...
Костенко шахтасында тағы апат болды: 187 кенші шұғыл эвакуацияланды
Костенко шахтасында тағы апат болды: 187 кенші шұғыл эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнындағы электрик түтінді өз бетінше сөндірген. Алайда кеншілерді жер бетіне шығару туралы шешім қабылданды.
Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды, оқиғаны бақылау және шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін учаске басшылары мен жетекшілерінен 7 жұмысшы орнында қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан