Мемлекет қаза тапқан кеншілердің отбасыларына әрі қарай да қолдау көрсететін болады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АрселоМиттал Теміртау өз тарапынан 10 жылдық жалақыны төледі, ол сома 3 млрд теңгенден асып отыр. Компаниядан осынша қаржы бөлінді. Қазіргі таңда 44 отбасы көмекті алды, қалған 2 азаматтың құжаттары реттеліп жатыр. Несие бойынша айтар болсақ, 300 млн теңге көлемінде қаза тапқан кеншілердің, жұбайларының, ата-аналары мен балаларының несиелері өтелді. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады. Басқа да жерлеу, мазарын көтеру және тағы басқа жұмыстарына АрселорМиттал төлеп жатыр, - деді облыс әкімі ОКҚ-да өтіп жатқан брифингте.
Сондай-ақ Бөлекпаев қазір зардап шеккен төрт адам медициналық мекемелерде ем алып жатқанын атап өтті.
Дәрігерлер олардың жағдайын орташа және жеңіл деп бағалайды. Пациенттер барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр, - деді ол.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында болған апаттан 46 адам қайтыс болған еді.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!