- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Костенко шахтасы қанша...
Костенко шахтасы қанша уақытта қалпына келеді?
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев АрселорМиттал Теміртауға қарасты шахталардың қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда АрселорМитталдың Теміртаудың 8 шахтасының 4-еуі жұмыс істеп жатыр. Өздеріңіге мәлім, "Қазақстан" шахтасы апатты жағдайдан кейін тоқтап тұр. Ол жерде әлі өрт бар, оны сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Костенко шахтасы бойынша жұмыс комиссия қарауында, - деді Бөлекпаев.
Әкімнің айтуынша, Костенко шахтасын қалпына келтіру үшін 2-2,5 ай уақыт керек. Сөзінше, шахтаны жабу туралы ешқандай жоспар жоқ.
Инвестор бойынша үкімет пен министрлік жұмыс істеп жатыр. Жауабы шыққанда белгілі болады, - деді облыс әкімі.
Жасұлан Ордабаев
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz