- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Костенко атындағы шахтада...
Костенко атындағы шахтада қаза тапқандардың саны 38-ге жетті
Костенко атындағы шахтада қаза тапқандардың саны 38-ге жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 қазан сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, Костенко атындағы шахтада 38 адамның денесі табылды, 8 кенші іздестіріліп жатыр.
Іздеу жұмыстарын жүргізу қираған шахта жабдықтарының, сондай-ақ жекелеген жерлерде үйінділердің болуымен қиындай түскен.
Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) "жедел желі" телефондары жұмыс істейді.
Еске салайық, Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстанның пайдасына беру бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан