- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайлықтар сібір жарасын...
Қостанайлықтар сібір жарасын жұқтырғандар туралы қорқынышты видеоны таратып жатыр
Қостанай облысының тұрғындары сібір жарасын жұқтырған адамның қорқынышты кадрларын таратып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Қарасу ауданында адамдар сібір жарасына шалдыққаны туралы видео тарады. Ауданда блокбекеттер орнатылып, ІҚМ-ді өртеп жатқаны айтылған.
Қарасу ауданының әкімдігі, сондай-ақ облыс әкімдігі ветеринария басқармасының "Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы" КМК бұл деректі растамады.
"Қарасу ауданының аумағы туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.
Дегенмен, ТЖ қызметкерлері мұндай дерек Ақмола облысында тіркелгенін атап өтті. 29 тамыздағы ТЖМ қорытындысына сәйкес, Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылынан Есіл аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне сібір жарасы ауруына шалдығуы мүмкін 10 адам ауруханаға жатқызылған. Диагноз жеті адамда расталған. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!