Қостанайлықтар жабылып қалған McDonald's ғимаратына гүл шоқтарын қойған

Қостанайлықтар McDonald's-ты "жерледі". Қала тұрғындары жабық фастфуд мейрамханасының ғимаратына гүл шоқтарын әкелді, - деп хабарлайды "Наш Костанай".

Басқа өңірлер секілді Қостанайда да енді бұл мейрамхана желісі жұмыс істемейді. Ал тұрғындар бұл жаңалыққа осындай реакция көрсеткен. Алайда мейрамханаға әкелінген гүл шоқтарын тез алып тасталған.

Айта кетейік, Қазақстанда McDonald’s брендінің мейрамханалары жұмысын тоқтатқан болатын. Бұл туралы компанияның ресми парақшасында жарияланды. Сондай-ақ, Қазақстанда McDonald's мейрамханалары басқа атаумен жұмыс істейтіні айтылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!