- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайлық тұрғындар полицейлерге...
Қостанайлық тұрғындар полицейлерге көнбей, соққы жасаған
Қостанай облысы Қарабалық кентінде тұрғындар полицейдің талабына көнбей, полицейлерді қорлап, ұрып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл кадрда Қарабалық кентінің тұрғыны полицейдің заңды талаптарына бағынбағанын көруге болады. Ал оның әйелі полицейлерді қорлап, дене жарақатын салған. Осы дерек бойынша қылмыстық және әкімшілік іс қозғалған.
10:00-де аумақты аралау кезінде полицейлер дүкеннен мас күйінде шыққан ауыл тұрғынын байқап қалған. Оның қолында алкогольді өнім салынған бар пакет болған. Ер адам тоқтау туралы талапқа бағынбай, қаша жөнелген.
Әйел күйеуін жақтап, полиция қызметкерлерімен сөйлесу кезінде оларды қорлай бастаған. Ол тәртіп сақшысының бас киімін жұлып алып, телефонмен басына соққы жасады. Екіншісінің бетінен де соққан. Ерлі-зайыптылар агрессивті болды. Сараптама ауыл тұрғынында мас болудың "орташа дәрежесін" көрсетті.
Қостанай облыстық ПД-да дүкенде алкогольді өнім тыйым салынған уақытта сатылу дерегі бойынша да тексерулер жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина