- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайлық тұрғын екі...
Қостанайлық тұрғын екі бөлмелі пәтерінде есірткі зертханасын жасап алған
Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі пәтерде ұйымдастырған. Тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркіледі. Мұнда арнайы жабдықтар да болды: жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары. Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады.
"Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіруге арналған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті басқарма бастығы Нұржан Ахметов.
Адамдардың өзге де қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады. Қарасора өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина