"Жібек жолы" телеарнасының студиясына 15 жыл ата-анасын іздеген қостанайлық Ермек атты азамат келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ермек 30 жыл бұрын балалар үйінен бауырына басқан отбасына, асырап алған әкесіне көлік мінгізді. "Жібек жолы" телеарнасындағы "Ел" бағдарламасында ерекше оқиға баяндалды. Он баланы бірдей бауырына басқан Қарлыға мен Нұрлан Садықовтардың өмірі мен өнеге ісі баршаны тәнті етті.
1991 жылы Арқалықтағы балалар үйінен он баланы бірдей қамқорлығына алған отбасы қазір Қостанайда тұрады. Он баланың бәрін бірдей өсіріп, ЖОО түсіріп, тоғыз баланың анасын тауып берген. Бәрі де отбасын құрған, бүгінде әрқайсысының өз отбасы, өз кәсібі бар. Сондай-ақ, көбі өз биологиялық ата-аналарын тапқан. Тек ең кенжесі саналатын Ермек анасын таппаған. Қарлығаның туған інісі Қанат сол балаларды арқалап өсірген адам. Қанат редакцияға қоңырау шалып, Ермекке анасын тауып бергісі келетінін айтқан. Бүгінде Ермек кәсіпкер. Отбасы бар. Анасы табылса, тек алғыс айтқысы келетінін айтады.
Редакция журналистік зерттеу жасап, архив ақтарып, іздестіру жұмыстарын жүргізген. Ермекке қатысты мәліметтерге сәйкес келген жанды Алматыға алдырып, ДНК жасатты. ДНК қортындысын хабар соңында ғана мамандар алып келіп, студияда ашты. Келесі хабарлардың бірі тағы да Ермекке арналмақ. Тағы да іздеу жұмыстары жалғасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!