Қостанайлық жігіт сүйіктісімен болған проблема үшін көпірден секіріп кетпек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицейлер көпірден секірмек болған жігітті құтқарып қалды. Тобыл өзеніндегі Үлкен көпірдің қоршауында жас жігіт тұр деген хабар кешкі сегіздер шамасында 102-ге түсті.
Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Жаслан Төлегенов пен оның серіктесі аға лейтенант Бауыржан Қарасартов бар автопатруль келді.
Жігітті қоршаудан қауіпсіз жерге шығарғанда, ол қызбен туындаған мәселелерді осылай шешуге шешім қабылдағанын түсіндірді.
Қостанай облыстық Полиция департаменті полиция бөлімшесінде төрт жылдан аз уақыт көлемінде жұмыс істеп келе жатқан жас қызметкерлер екенін атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!