- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол апаты
Қостанайлық блогер көлігімен мас күйінде қоршауға соғылды

Қостанайда 35 жастағы автокөлік жүргізушісі масаң күйде қоршауға соғылды. Ол блогер болып шықты. Оның өзі апаттың салдарын түсіріп, TikTok-та жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полицейлер жүргізушіден алкоголь иісін анықтады. Медициналық куәландыру алкогольдік масаң күйдің орташа дәрежесін көрсетті.
Жүргізуші медициналық айықтырғышқа, ал оның көлігі мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін оған 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр. Сонымен қатар ол келтірілген зиянды қалпына келтіреді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лес