Қостанайлық әйел англиялық күйеу жігітке сеніп, 2,4 млн теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облысы Қарабалық ауданының полиция бөліміне 60 жастағы жергілікті тұрғын арыз жазған. Ол арызында былтыр WhatsApp мессенджері арқылы ағылшын жігітпен танысып, оған несие ресімдеп, қомақты ақшасын аударғанын айтқан.
Жалғызбасты әйел ер адамның хабарламаларына сеніп, хат алмаса бастаған. Алаяқ мұны пайдаланып, хат-хабарлардың бірінде оған өткен туған күніне сыйлық жасағысы келетінін айтқан. Әйелді сендіру үшін ол алтын алқа, білезік, әйелдер сөмкесі, ашық аяқкиім мен қолма-қол ақша бар сыйлығының суретін жіберді. Қазан айында ер адам онымен сәлемдемеге қатысты өзінің агентінің хабарласатынын айтты. Осыдан кейін оған бейтаныс нөмірден сәлемдемені алмас бұрын 250 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты төлеу қажет екендігі туралы хабарлама келді және оған банктердің бірінің деректемелері жіберілген.
Әйел алаяқтарға сеніп, ақшалай несие рәсімдеп, оларды көрсетілген деректемелерге жіберді. Екі күннен кейін оған тағы да мессенджерде жалған агент хат жазып, сәлемдеме Алматыдағы поштада кешіктіріліп жатқанын, онда ақша сомасы көп болғандықтан және сәлемдемені алу үшін тағы 1 млн теңге төлеу қажет екені жазылған. Әйел микронесиелік ұйымға барып, тағы бір несие рәсімдеген. Алаяқтар әйелдің сенімін пайдалана отырып, оған Англиядан жіберілген ақшаны қазақстандық валютаға айырбастау 28 млн теңге болатынын және оны алу үшін тағы 1 млн теңге салу қажет екенін айтқан. Кейін алаяқтар оны тағы 100 мың теңге несие алуға көндіргені белгілі болды.
Осы уақыт ішінде "жалған ағылшындық күйеу жігіт" келген кезде барлық несиені жабатыны туралы айтып келді. Әйел 500 мың теңге сомасында кезекті несие алудан бас тартқаннан кейін, "күйеу жігіт" оған жазбай қойған.
"Абоненттік нөмірлердің қай елге тиесілі екендігін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы абоненттердің интернет-ресурс мәліметтеріне сәйкес кодталуы Украина абонентіне тиесілі екендігі анықталды. Аталған факті бойынша банк шоттарының тиесілігін анықтау үшін сұраулар дайындалды. Қолда бар абоненттік нөмірлер бойынша күдіктінің орналасқан жерін анықтау үшін ҚР ІІМ ЖСМ-ге сұрау салулар дайындалды", – деді Қарабалық ауданы полиция басқармасы бастығы Бақытбек Дисюков.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!