- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайлық әйел 10-ға...
Қостанайлық әйел 10-ға жуық студент қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқан
Қостанай қаласының тұрғыны студент қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай қаласының 39 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы қаладағы колледждердің біріндегі студент қыздармен сөйлесіп, оларды жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
Бастапқыда ол массаж маманы қызметіне қыздармен сөйлесіп, артынша студенттерге олар ақша үшін интимдік қызметпен айналысатынын айтқан.
Қостанайлық әйел қыздарға жеке күзетші беріп, клиенттер тауып беріп, қысқа мерзімде жақсы ақша таба алатындарын жеткізген.
"Ұйымдастырушы" 10-ға жуық қызды жезөкшелікке тартқан. Полицейлер істің мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрін тапқан. Жедел іздестіру шарасы барысында жалдамалы пәтерлерден жеке заттар, ұялы телефондар, 5 миллион теңге және 8 мың рубль табылған.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 308-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға тарту) бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина