- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайдың экс-әкімінің мейрамханасы...
Қостанайдың экс-әкімінің мейрамханасы сатылымға шығарылды
Электрон сауда порталында мейрамхана сатылатыны туралы хабарлама пайда болды. Ғимарат "Екатеринбург-Алматы" тасжолында орналасқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Alau.kz сайтының мәліметінше, ғимарат Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановтан тәркіленген. Экс-әкімге тиесілі болған ғимарат 2014 жылы салынған.
Мейрамхана 805 529 000 теңгеге бағаланып отыр. Сауда 17 қарашада жүргізілмек. Ғимараттың 1558,40 шаршы метр жерді алып жатыр.
Айта кетейік, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов пара алғаны үшін 2016 жылы 11 сәуірде 13 жылға сотталған болатын. Экс-шенеуніктің мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынған болатын.
2017 жылы 26 маусымда үкімге өзгерістер енгізіліп, экс-әкім 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Артынша Ахметжанов Тәуелсіздік 25 жылдығына орай амнистияға ілініп, жазасын өтеу мерзімі 6 жыл 6 ай 10 күнге қысқарды.
2019 жылы экс-әкім оны шартты түрде босатуды сұрады босатуды сұраған. Нәтижесінде Ахметжанов сол жылы бостандыққа шықты. Ал тәркіленген мейрамханасы ХҚКО-ға өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина