Қостанайдың бұрынғы әкімі үй қамауына алынды

Қостанайдың бұрынғы әкімі үй қамауына алынды
Фото: tn.kz

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов екі айға үй қамауына алынды. Қамауға алу туралы санкцияны Қостанайдың №2 сотының судьясы Ләззат Мұхамеджанова шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ахметжановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі және 4-бөлігі бойынша ("Қызметтік өкілін теріс пайдалану") және 365-баптың 3-бөлігінің 1-тарауы бойынша ("Заңды кәсіпкерлік әрекетке кедергі келтіру") айып тағылып отыр.


Ахмедбек Ахметжанов сот залында. © Tengrinews.kz

Тергеу материалдарына сәйкес, Ахметжанов автомобильдерге арналған халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысына жәрдемдескен және балабақша құрылысында "Стройметсервис" ЖШС-ның мүддесін заңсыз қорғаған.

Осыған дейін оның тағылған айыптармен келісіп, өз кінәсін мойындағаны және тергеуге қатысатыны жайлы хабарланған еді. Осыны есепке алған прокурор Ахметжановты үй қамауына алу туралы бұлтартпау шарасын таңдауды сұрады.  

Экс-әкімнің адвокаттары Ахметжановтың асырауында кәмелетке толмаған екі баласының барын, олардың бірінің 2 жасқа толғанын есепке алуды сұрады. Еске салайық, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов 8 қыркүйекте ұсталған болатын. Сол уақытта оған қызметтік өкілін теріс пайдаланды деген күдік келді.

Ал ұсталуының алдында Ахметжанов Қостанай әкімі қызметінен босатылған еді. Сол уақытта Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі оның қызметтен өз еркімен кеткенін хабарлап еді. Қала әкімінің міндетін атқарушы болып, оның бұрынғы орынбасары Қайрат Сәндібеков тағайындалды.

Ал мұның алдында Ахмедбек Ахметжановтың екі орынбасары - Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян ұсталған болатын. Қалиев 2015 жылдың 1 тамызында "Премиум Палас" мейрамханасының маңында ұсталды. Ал Аракелян 3 тамызда жұмыс бөлмесінде ұсталды. Сонымен қатар, кәсіпкер Гагик Овнанян да ұсталып отыр. Ол әкім орынбасарына пара берді делінеді. Үшеуі де қамауға алынған.

М. Бисембаева