Қостанайдың бір бөлігі жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Наша газета" жергілікті басылымы мәліметінше, шағынаудандарда, орталықта және теміржол вокзалында электр қуаты жоқ. Электр энергиясымен бірге суық су да өшкен, өйткені "Қостанай-Су" сорғылары жұмысын тоқтатты. Байланыс және мобильді интернет мәселелері де байқалады.
Бұл ретте, 26 шілдеде "ЭПК-forfait" ЖШС баспасөз қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қостанай қалалық электр желісінің жұмыс жоспарын хабарлады. Шілденің аяғы мен тамыздың басында Қостанайдың үш ауданында жоғары вольтты желілер мен қосалқы станцияларда жұмыстар жоспарланған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!