Қостанайдан Нью-Йоркке 24 тонна ұн экспортталды

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы Қостанайдан Нью-Йоркке қазақстандық ұн жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашында жүк Қостанайдан Ақтау портына дейін жеткізіліп, кейін Каспий теңізі арқылы Алат портына, ал әрі қарай Поти портымен Ыстамбұл қаласы арқылы Жерорта теңізіне шығарылған.

"Соңғы кезеңде жүк Атлант мұхиты арқылы өтіп, Нью-Йорк портына жеткізіледі. Жалпы транзит уақыты - 58 күн", - деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, жүк жөнелтілген сәттен бастап соңғы жеткізу нүктесіне дейін толық бақылауда болады. 

Айта кетейік, Қазақстан Өзбекстанға, Тәжікстанға, Ауғанстанға, Қытайға, Иранға, Әзербайжанға да астық жеткізеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!