- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайдағы жағдай тұрақталғанша...
Қостанайдағы жағдай тұрақталғанша 3 мыңнан аса оқушы қашықтан білім алады - Оқу-ағарту министрлігі
Қостанай облысында өрт жағдайы тұрақталғанға дейін 3 мыңнан астам оқушы онлайн оқиды. Бұл туралы аталған өңірге барған оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жағдай тұрақталғанша, облыста 3 мыңнан астам оқушы қашықтан білім алады. Бұл үшін штаб қызметкерлері білім басқармасының өкілдерімен бірге барлық тиісті жағдайды жасайды. Көмекке мұқтаж балалар мектепте, олардың денсаулықтарына да ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деп атап өтті оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.
Оқу-ағарту министрлігі эвакуацияланған балаларды білім алу және тұру үшін толық жағдай жасалған "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберуді ұсынды. Ведомство дерегінше, мұндай тәжірибе бұрын болған төтенше жағдайлар кезінде қолданылған.
Сонымен қатар, Қостанай облысында балаларға көмек көрсететін жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Балаларға жедел көмек көрсету мақсатында министрлік тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефондарын іске қосты: "Bala qorgau" телеграм-чаты 8 776 170 73 83, +7 777 183 65 67, +7 701 378 66 29.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова