Қостанай қару-жарақ дүкенінде болған жарылыстан кім қаза тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы дүкеннің Instagram-парақшасында жарияланды.
"Өкінішке қарай, 4 адамды құтқара алмадық. Олардың есімдері мәңгі жадымызда.
Ефимов Юрий Дмитриевич, сатушы-кеңесші, Кравченко Вячеслав Викторович, қару-жарақ шебері, Мырзабеков Темірлан Ержанұлы, сатушы-кеңесші, Неводничий Александр Борисович, сатушы-кеңесші", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін дүкеннің 7 қызметкері зардап шеккені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!