Қостанайдағы №61 балабақшада тәрбиеші орындықта отырған үш жасар баланы түзеймін деп құлатып алды. Салдарынан баланың бұғанасы сынған, - деп хабарлайды "ТоболИнфо".
Видеода бала жерге құлап, жылай бастағанын көруге болады. Тәрбиеші жедел жәрдем шақырудың орына оны өзі жұбата бастаған.
Бүгінде зардап шеккен бала емделіп жатыр, ал тәрбиеші еңбек демалысына кетіп қалған. Балабақша басшылығы бұл мәселеге назар аудармаған.
"Ол жақсы тәрбиеші, басқа ештеңе айта алмаймыз", - дейді директор орынбасары Ботагөз Омар.
Баланы ата-анасы полицияға арыз жазған. Алайда олар 141-бап бойынша қылмыс құрамын көрмегендерін мәлімдеген.