- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайдағы балабақшада болған...
Қостанайдағы балабақшада болған оқиға видеоға түсіп қалған
Фото:
Видео кадры
Қостанайдағы №61 балабақшада тәрбиеші орындықта отырған үш жасар баланы түзеймін деп құлатып алды. Салдарынан баланың бұғанасы сынған, - деп хабарлайды "ТоболИнфо".
Видеода бала жерге құлап, жылай бастағанын көруге болады. Тәрбиеші жедел жәрдем шақырудың орына оны өзі жұбата бастаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгінде зардап шеккен бала емделіп жатыр, ал тәрбиеші еңбек демалысына кетіп қалған. Балабақша басшылығы бұл мәселеге назар аудармаған.
"Ол жақсы тәрбиеші, басқа ештеңе айта алмаймыз", - дейді директор орынбасары Ботагөз Омар.
Баланы ата-анасы полицияға арыз жазған. Алайда олар 141-бап бойынша қылмыс құрамын көрмегендерін мәлімдеген.
С. Сатыбалдина