Қостанайда кәмелетке толмаған жасөспірім хабар-ошарсыз жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция жасөспірімнің орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
"Полиция қызметкерлері жасөспірім болуы мүмкін орындарды тексеріп, туыстары, таныстары және көршілерінен жауап алып жатыр. Қазір Қостанай қаласы мен жақын маңдағы өңірлердің полиция гарнизонының барлық жеке құрамы бағдарланды. Сондай-ақ, іздестіруге еріктілер мен өзге де қызметтер тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл іс Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Полиция жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды 102 нөміріне дереу хабарлауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова