Қостанайда 1 наурыз теміржол вокзалы маңындағы жұмысынан шығып, із-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жігіттің әкесі баласының қайда жүргені туралы ақпарат үшін сыйақы төлеуге дайын екенін айтып видео жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlau.kz басылымына сілтеме жасап.
Видеоны "Барыс" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері жариялады.
"Біз 1 наурызда жоғалып кеткен 2001 жылы туған Жалғас Хамитовтың ата-анасымыз. Баламыздың нақты мекен-жайын біліп, қайда екенін нақты айтқан адамға ақшалай сыйлық жариялаймыз. Кімде-кім ол туралы мәлімет болса, хабарласуын сұраймыз", - делінген видео хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!