- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда волейбол алаңында...
Қостанайда волейбол алаңында 17 жастағы жасөспірім басын жарып алды
Қостанайда 17 жастағы жасөспірім волейбол ойнап жүріп басын жарып алған. Оған себеп - металл тордың жыртылуы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kstnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындар волейбол алаңының жағдайына көптен бері шағымданып келеді.
"Сызат туралы айтпай-ақ қояйын, біреулер басын жарып, қасын жыртып алып жүр. Алаңның түрі жоқ, тек жергілікті тұрғындар оны өз күшімен ретке келтіруге тырысып жатыр... Соның бәрі осыған әкелді. Алдияр достарымен алаңда ойнады, ол - кәсіби волейболшы. Доп дуалға қарай домалап кетті, інім оны көтеріп алды да, тұрып жатқанда, шығып тұрған темірлерге басын соқты. Біз дереу жедел жәрдем пунктіне бардық, Алдиярдың жарақатын тігіп берді", - дейді жәбірленушінің әпкесі Айнұр.
Жеткіншектің туыстары сервис компанияға жүгініп, сымдарды біраз уақытқа байлап тастаған, бірақ компания учаскені жөндеуге қатысты Қостанай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарласу керегін айтқан. Оқиға орнына учаскелік полиция қызметкері де барып, оқиғаның деректерін жазып алған. Жергілікті тұрғындар ойын алаңының басқа балалар зардап шеккенге дейін уақытша жабылғанын қалайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек