Қостанай тұрғынына тиесілі 2022 жылы шығарылған Toyota Land Cruiser 300 маркалы көлігін айдап әкеткен екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Келтірілген шығын 50 миллион теңге деп бағаланып отыр. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұрланған көлік Қарағанды облысындағы Ново-Долинка кенті аумағынан табылған.
"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова