- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанайда үлескерлердің ақшасын...
Қостанайда үлескерлердің ақшасын заңсыз пайдаланған компания жазаланды
Қостанай қаласының прокуратурасы құрылыс салушының салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің үлескерлерінің ақша қаражатын заңсыз тарту фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сонымен қатар,"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. Мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актінің талаптарын бұзғаны үшін прокуратура құрылыс салушыға қатысты әкімшілік іс қозғады және соттың қарауына жіберді.
29 шілдеде сот қаулысымен құрылыс салушы 775 320 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина