Учаскелік полицейдің плакатына балағат сөздер жазып, көңіл көтермек болған 21 жастағы қыз енді соның зардабын көрмек, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оған шамамен 185 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бақылау камераларындағы жазбадан екі қыздың лифтіге кіргенін байқауға болады. Учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына 21 жастағы қыз маркермен балағат сөздер жазған.
Видео арқылы құқықбұзушы тез анықталды. Қыз бала қазірдің өзінде құқық қорғау органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қоғамдық орынды ластағаны үшін, бұл ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Осындай заңбұзушылық үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!